Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте мұғалімді алдап соққан алаяқ қамауға алынды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 12:19 Сурет: Zakon.kz
Абай АПБ-ға мектеп мұғалімі алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып арызданды. Ер адам банктегі 4,6 млн теңге несиесін жабу үшін бейтаныс келіншектің көмегіне жүгінген.

Алаяқ әйел оны банкроттық жариялау арқылы қарызыңды толық өтеп беремін деп сендіріп, өз қызметі үшін 120 мың теңге алып, "ізін суытқан".

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, қала аумағында ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді.

Тергеу барысында жергілікті тұрғын бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін сотталғаны және мұғалімнен кейін тағы бір кәсіпкерді алдап соққаны белгілі болды.

Ол кезекті құрбанын мемлекеттен қайтарымсыз 5 миллион теңге грант алып беремін деп сендіріп, 350 мың теңгеге сан соқтырған. Қазіргі таңда күдікті әйел қамауда.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


"Мемлекет тарапынан қандай да бір көмек алу үшін араға делдалдарды салудың қажеті жоқ! Себебі, мәселеңізді оңай жолмен шешемін деп алаяқтарға алданып қалуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан, бейтаныс адамдарға сенім білдірмеуді, өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді жария етпеуді және ақылы қызмет үшін қаржы бермеуді ескертеміз. Егер, сізге мемлекеттік бағдарламамен аз уақыт ішінде қайтарымсыз қаржы алуға, несие жабуға және кезексіз пәтер алуға көмектесемін деп күдікті қызмет ұсынатындар жолықса, бұл туралы бірден полицияның "102" арнасына хабарлаңыз", – дейді полиция қызметкерлері.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: