Бас прокуратура ұрлық көп жасалатын өңірлерді атады
Статистика бойынша, Қазақстанда 2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2%-ға төмендегені байқалады (өткен жылғы 42 752 іске қарсы 30 173 іс).
Ұрлық көп жасалатын өңірлер:
- Алматы (қ) - 7154,
- Астана (қ) - 3541,
- Алматы -2197,
- Қарағанды - 2114,
- Қостанай – 1519,
- Ақтөбе -1413, облыстарында және 1447-сі Шымкент (қ).
Ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеді.
Еліміз бойынша барлығы 7967 (8984) осындай қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.
Олардың басым бөлігі:
- Алматы (қ)- 2287,
- Астана (қ) - 844,
- Алматы - 576,
- Қарағанды - 527,
- Ақтөбе - 424,
- Абай – 431, облыстарында және Шымкентте – 467 ұрлық жасалған.
Автокөлік ұрлығы бойынша да ұрлық саны төмендегені байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 14,3%-ға аз.
Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.
Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, төмендеу 17,7%-ды құрайды.
Мал ұрлығы фактілерінің көбі:
Алматы -172,
Батыс Қазақстан – 124,
Түркістан -124,
Жетісу - 93,
Жамбыл – 68,
Абай - 66 облыстарында тіркелген.