Ақтауда алаяқтар ата-аналарды алдап соқты
Сурет: Zakon.kz
Ақтауда 100-ден астам ата-ана балаларын университетке грантқа түсірем деп, алаяқтарға жем болды.
Өздерін жоғары оқу орнының қызметкерлеріміз деп таныстырған 2 әйелге, қомақты қаражат берген, деп жазады qazaqstan.tv.
Алайда сабақ басталғанда, балаларын студенттер тізімінен таппаған.
Оқу орнының баспасөз қызметі алаяқтардың университетке қатысы жоқ деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, ішкі тергеу жүргізіліп, құзырлы органға шағым түсірілген. Қазір күдіктілер ұсталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript