Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты
Сурет: Getty Images
"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) мәліметінше, Ауғанстандағы жер сілкінісі салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Талибан" үкіметі өкілінің орынбасары Билал Карими мың адам мерт болғанын хабарлады.
"Өкінішке қарай, құрбан болғандардың саны өте көп. 1 мыңнан астам адам қаза тапты".
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Батыс Ауғанстанды дүр сілкіндірген қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2000-нан астам адамға дейін өсті.
7 қазанда күндіз елдің батысында Герат қаласынан 40 шақырым жерде магнитудасы 6,3 балдық қуатты жер сілкінісі болды. Кемінде үш ірі афтершок болған.
Табиғи апат министрлігінің ресми өкілі Жанан Сайық молла Reuters агенттігіне 2 053 адам опат болғанын, 9 240 адам жараланғанын, 1 329 үй қирап, бүлінгенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript