БАҚ: АҚШ әскери әуе күштерінің алғашқы ұшағы Израильге әскери көмекпен келді
Израильге әскери көмек көрсететін АҚШ әскери-әуе күштері ұшағы келгені туралы ақпарат Кан Бет мемлекеттік радиосының тікелей эфирінде жарияланды, деп жазады "Израиль дауысы".
ХАМАС АҚШ-тың Израильге әскери көмек жіберуіне жауап берді:
Біз аймаққа американдық ұшақ тасығышты жіберуден қорықпаймыз және Америка үкіметі мұндай әрекеттің салдарын түсінуі керек.
АҚШ президенті Джо Байден бұдан бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен кезде Вашингтонның Иерусалимге көмек жібергенін айтты.
"Израиль қорғаныс күштеріне қосымша көмек қазір Израильге жөнелтіліп жатыр және жақын күндері қосымша көмек көрсетіледі", - делінген Ақ үй сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Израиль бұл қақтығысты ресми түрде соғыс деп атаса, ХАМАС өз кезегінде "Буря Аль-Аксы" деп аталатын әскери операция жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Екі аймақта да жаппай шабуылдар екі күннен бері жалғасуда.
Израиль Газа секторын атқылауда, ХАМАС Израиль территориясын, атап айтқанда астананы атқылауда, оңтүстікте исламшыл қозғалыс күштері Израиль шекарасын кесіп өтті. Белсенді ұрыс қимылдары жүріп жатқан аймақтарда эвакуациялау жарияланды.
Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі ағымдағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады, дипломаттар азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады. "Эйр Астана" әуе компаниясы қазақстандықтардың, оның ішінде Тель-Авивте орналасқан авиакомпания қызметкерлерінің туған жеріне аман-есен оралуын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.