Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның қай қаласының тұрғындары алаяқтарға жиі алданады

Алаяқтық, ҚР Бас прокуратурасы, алаяқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2023 09:55 Сурет: freepik
Алаяқтық Қазақстанда құқық қорғау органдары анықтайтын ең көп таралған қылмыстардың бірі болып саналады. Бас прокуратураның мәліметінше, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың ішінде алаяқтықтың үлесі 30%, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 9 айдың қорытындысы бойынша алаяқтықтың төмендегені байқалған. Дегенмен мұндай қылмыстар әлі де ашылған қылмыстардың үштен бір бөлігіне тең болып тұр.

Аймақ бойынша ең көп алаяқтық Алматы қаласында тіркелген. Бұл қалада жыл басынан бері 6742 осындай құқық бұзушылық тіркелген. Екінші орында Астана қаласы тұр. Ол қалада 5358 алаяқтық тіркелген. Одан кейінгі орында Қарағанды облысы (2590 алаяқтық), Шымкент қаласы (1921 алаяқтық), Алматы облысы (1836 алаяқтық) тұр,

Алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 623 адам зардап шекті, оның ішінде:15 603 ер адам, 19 020 әйел адам. 102 кәмелет жасына толмаған бала алаятардық құрығына ілінген. Тағы 291 мектеп, гимназия, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында оқитындар. Алаяқтар зейнеткерлер (1714 адам) мен мүгедектерді (8 адам) де аямаған екен.

 Бас прокуратура интернет-алаяқтық фактілері 1,5%-ға төмендегенін жеткізді.

"Еліміз бойынша барлығы 15616 (15848) осындай қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген".ҚР Бас прокуратурасы

Қадағалаушы орган ұсынған мәлім бойынша, ақша қаражатын қарызға алу арқылы алаяқтық 73%-ға төмендеді, барлығы 24 (89) факт тіркелген.

"Төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық фактілері бойынша да қылмыстардың төмендегені байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға аз".ҚР Бас прокуратурасы

Жер құқықығы қатынастары саласында барлығы 3 факт тіркелген және барлығы Алматы облысында.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: