Ауғанстанда магнитудасы 6,3 болатын тағы бір жер сілкінісі болды
Сурет: wikimedia
Қазақстандық сейсмологтар 15 қазанда Ауғанстандағы тағы бір жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің мәліметінше, жер асты дүмпуі Алматы уақытымен 09:36-да болған.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1544 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14,2.
- Магнитудасы - MPV 6,3.
- Тереңдігі - 10 шақырым.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Оның алдында, 7 қазанда Ауғанстанда жер сілкінісі болып, 2 мыңнан астам адам қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript