Некелесуге өтініш берген азаматқа "Бақытты қазақстандық отбасы" нұсқаулығын көріп шығу міндеттеледі
Сурет: Zakon.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкімет отырысында жыл соңына дейін "Бақытты қазақстандық отбасы" интерактивті нұсқаулығы әзірленетінін айтты. Бұл нұсқаулықты "Электронды үкімет" жүйесінде некеге өтініш берген азаматтар міндетті түрде көруге тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министр отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы атып берді. Оның сөзінше, профилактикалық жұмыстардың негізі – отбасын саналы түрде құруға мүмкіндік жасау.
"Осыған орай Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қорымен бірлесіп Астана мен Шымкент қалаларында пилоттық жоба іске қосылды. Онда неке қиюға өтініш білдірген азаматтарға отбасын жоспарлау, психология, репродуктивті денсаулық, ортақ бюджетті жоспарлау және басқа да маңызды мәселелер бойынша тегін кеңес беру, оқыту қарастырылған. Нәтижесі сәтті болса, осы тәжірибені барлық өңірге енгізуді қолға аламыз", - деді министр Аида Балаева
Сонымен қатар ол жыл соңына дейін "Бақытты қазақстандық отбасы" интерактивті нұсқаулығы әзірленетінін айтты. Некеге тұратын жұптардың отбасылық дәстүрлері мен рухани-адамгершілік құндылықтары туралы ақпараттар "электронды үкімет" жүйесінде бейнеролик түрінде көрсетіледі. Некеге тұруға онлайн өтініш берген азаматтар осы нұсқаулықпен міндетті түрде танысып шығуға тиіс.
"Қазір елімізде Отбасы саясаты бойынша 469,3 млн теңге сомасында 156 әлеуметтік жоба бар. Бөлінген қаржының 40%-ы тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бөлінген (үкіметтік емес ұйымдардың дағдарыс орталықтарының қызметін қаржыландыру), 25%-ы жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға, 10%-ы халық арасында репродуктивті денсаулықты сақтауға, 15%-ы жағдайы төмен отбасылармен профилактикалық жұмыстарға, 10%-ы басқа бағыттарға жұмсалып жатыр", - деді министр баяндамасында
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript