Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстаннан жөнелтілген гуманитарлық көмек Ауғанстанның Балх провинциясына жетті

Ауғанстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2023 15:10 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Ауғанстанның Герат провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге Қазақстандық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жалпы салмағы 1662 тонна болатын 27 вагоннан тұрады. Онда күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, матрацтар, көрпелер, жаймалар, жастықтар, жылы киімдер, шатырлар, зығыр маталар, жастық қаптары мен кереуеттер бар.

Балх провинциясы губернаторының орынбасары А. Идрисс ауған халқы атынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Үкіметі мен қазақ халқына тұрақты және жедел гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, екі ел халықтары арасында берік достық байланыстардың бар екенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: