Өскемен маңында болған жол апатынан үш адам қаза тапты
Сурет: Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Өскемен іргесіндегі тасжолдағы жол апаты үш адамның өмірін қиды. Оқиға сенбіде, 4 қарашада болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
4 қарашада сағат 11:20 шамасында Өскемен – Рахман қайнары тасжолында Toyota Camry және Mitsubishi жүк көлігі соқтығысты, деп жазды аltaynews.kz.
"Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков
Апат салдарынан үш жолаушы қаза тапты. Олардың бәрі апат болған жерде көз жұмды, тағы үш адам ауруханаға жатқызылды.
Полицейлер өңірдегі ауа райының күрт өзгеруі жолдарда ерекше сақтықты қажет ететінін атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript