Енді қазақстандықтар үкімет отырысының онлайн-трансляциясы кезінде пікір білдіре алады
Сурет: akorda.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізетін үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, жаңа өзгеріс бойынша, отырыстар онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ете отырып ашық әрі мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізіледі.
Президенттің немесе премьер-министрдің бастамасы бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.
Құжатта қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Үкіметтің ашық отырысының қорытындылары отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде интернет-ресурста орналастырылатыны жазылған.
"Онлайн-трансляция жүргізу кезінде азаматтарға пікірлер қалдыруғамүмкіндік беріледі", – делінген құжатта.
Қаулы 2024 жылғы 4 сәуірден бастап күшіне енеді.
Құжат 20 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript