Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына 50 млн теңге бөлді
Сурет: pxfuel
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Костенко атындағы шахтада болған трагедияға байланысты қатты алаңдаулы еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қоры қаза тапқан кеншілердің отбасыларына тікелей қаржылай көмек ретінде 50 млн теңге бөлді", делінген қор хабарламасында.
Айта кетсек, Қарағанды облысындағы "АрселорМиттал Теміртауға" қарасты Костенко атындағы шахтада 2023 жылғы 28 қазанға қараған түні сағат 02:33-те апат болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші сыртқа шығып үлгерген. Жер астында қалып қойған 46 кеншінің барлығы қаза тапты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript