Малайзия Алматы мен Лангкави аралы арасындағы тікелей әуе рейсін жаңғыртуды ұсынды
Сурет: pixabay
Малайзия Алматы мен Лангкави аралындағы демалыс орыны арасында қатынайтын тікелей әуе рейсін қайта жаңғырту мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
28 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі Малазия парламентінің өкілдері Алматы мен Лангкави аралындағы демалыс орыны арасында қатынайтын тікелей әуе рейсті қайта жаңғыртуды ұсынғанын хабарлады. Бұл туралы Қазақстан-Малайзия парламентаралық достық топтары мүшелерінің онлайн форматтағы кездесуі кезінде айтылған.
"Малайзия Парламенті Өкілдер Палатасының Қауіпсіздік комитетінің мүшесі Саид Ибрахим Бин Саид Нох бүгінде Қазақстан Малайзияның Орталық Азиядағы ең үлкен сауда серіктесі екенін атап өтті. Оның айтуынша, 2019 жылға дейін Алматы мен Лангкави арасында тікелей рейс болған. Ол 2020 жылы пандемия кезінде жұмысын тоқтатқан. Малайзия тарапы осы рейсті қайта іске қосу жөнінде ұсыныс білдірді. Сондай-ақ қазақстандық студенттерді білім алуға өз елдеріне шақырды", делінген хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап достық топтары аясында ІТ, цифрландыру, климатқа қарсы күрес, жасыл экономиканы ілгерілету, кибер-қылмысқа қарсы күрес және т.б. мәселелер бойынша заң шығарудағы тәжірибемен алмасуға келісті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript