Жаңалықтар тізбегі
0

Келінін әмеңгерлік жолмен жар еткен түркістандық азамат: Анама ұсынысты өзім тастадым

Жеңіс Сейдаханов, Түркістан облысы, әмеңгерлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2023 21:55 Сурет: видеодан алынды/7 арна
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылының тұрғыны Жеңіс Сейдаханов 7 жыл бұрын інісінен қапыда айырылып қалғаннан кейін келінін әмеңгерлік жолмен алуды жөн көрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Інім жол апатына ұшырап, қаза тапты. Артында екі баласы қалды. Анам төркінге келінмен бірге кеткен немерелерін ойлап, қатты уайымдады. Жалпы, әмеңгерлік деген қанымызда, дәстүрімізде бар салт екенін білетінмін. Осы мезеттен сол жайында ойлай бастадым, ақыры ол туралы анама айттым: "Әмеңгерлікпен қосылайын, екі балаң көз алдында жүреді" деп. Ұсынысты өзім айттым. Өз басым өзгенің айтқанымен, айдағанымен жүрмейтін адаммын. Жұрт артынан түрлі негатив айтып жатыр екен. Онда менің шаруам жоқ. Бастысы, өзімнің жоспарым, өзімнің ойым бар. Маған маңыздысы сол", - дейді Жеңіс Сейдаханов 7 арнадағы "Қыздар-ай" бағдарламасына берген сұқбатында.

Ал бүгіндері жұбайы, кезіндегі келіні Сандуғаш Сандық басында бұл ұсынысқа қарсы болғанын айтады.

"22-де жастай қалдым. Төркінге кеттім. Басында қарсы болдым. Әкем де наразы болды. Кейін анам үгіттеп, өз батасын берген соң қосылған болатынбыз", - дейді ол.

Әмеңгерлік жолмен 7 жыл бұрын қосылған жұп бүгіндері бес бала тәрбиелеп отыр, яғни олардың ортақ үш баласы бар. Олар өздерінің бақытты екенін, ал бағдарламаға арттарынан ерген негатив сөздерге нүкте қою үшін келгендерін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: