Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның екі қаласында ауа қатты ластанады

Қазақстанның екі қаласында ауа қатты ластанады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 09:14 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
30 қарашада синоптиктер еліміздің шығысындағы екі қаланың ауасы қатты дастанады деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бейсенбі, 30 қарашада Риддер және Өскемен қалаларының тұрғындары мен қонақтарын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіп тұр.

Қолайсыз ауа-райы жағдайы (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ кезінде елді мекендерде атмосферадағы ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа-райында мынадай әрекеттер ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе басқа ластаушы көздердің жанында уақыт өткізуді қысқарту;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиямен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өзімен бірге дәрісін алып жүруі керек;
  • Ашық ауада физикалық белсенділікті шектеу керек. Дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілсін.

Бір күн бұрын "Қазгидромет" мамандары ел өңірлерінің тұрғындарына ауа райының кенеттен құбылатынын ескерткен еді. Күздің соңғы күні қазақстандықтарды жауын-шашын, көктайғақ, тұман және желдің күшеюі күтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: