Тараздық тұрғын зейнеткерлерді 11 миллион теңгеге алдап кеткен
Күдікті жалғызбасты зейнеткерлердің үйіне келіп, өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырған. Өзіне сендіріп алған жәбірленушілерге, қалалық әкімдіктен тегін берді деп, азық-түлік әкеліп берген.
Бір сөмке азық-түлікті табыстағаннан кейін ол зейнеткерлер мен олардың жеке куәліктерін фотосуретке түсіріп, бұл шара басшылыққа есеп берудің қажетті рәсімі екеніне сендірген.
Содан кейін жас жігіт банк қосымшасының "онбордингін" (биометрия) тексеру кезеңінде зейнеткерлердің фотоларын пайдаланып, олардың құжаттарымен несие рәсімдеген. Осылайша ол 7 зейнеткерді алдап, оларға жалпы сомасы 11 миллион теңге материалдық шығын келтірген.
Жас жігіт түскен ақшаны өзінің қарыздарын өтеуге жұмсаған. Қалалық соттың үкімімен жалған әлеуметтік қызметкер 5 жыл жазасын өтеу үшін қауіпсіздігі орташа колонияға жіберілді.
"Сотталған Семей қаласындағы қауіпсіздігі аралас түзеу мекемесіне келген. Қазір сотталғанды жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады мекеме бастығының орынбасары Нұржан Шидебаев.