Елдің үш қаласында ауа жоғары деңгейде ластанады
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Сейсенбі, 19 желтоқсанда синоптиктер Алматы, Өскемен және Риддер қалаларында ауада зиян қоспалар жоғары болады деп болжады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Мамандар 19 желтоқсанда Алматы, Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады деп болжап отыр.
Қолайсыз ауа-райы жағдайы (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ кезінде елді мекендерде атмосферадағы ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).
Қолайсыз ауа-райында мынадай әрекеттер ұсынылады:
- ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе басқа ластаушы көздердің жанында уақыт өткізуді қысқарту;
- балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
- өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиямен ауыратын адамдар көшеде жүргенде өзімен бірге дәрісін алып жүруі керек;
- Ашық ауада физикалық белсенділікті шектеу керек. Дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар жабық спорт кешендерінде жүргізілсін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript