Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның үш өңірінде көктайғақ пен боранға байланысты жол учаскелері жабылды

Жол, шектеу, ҚазАвтоЖол, Жетісу облысы, Қызылорда облысы, Жамбыл облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 19:58 Сурет: pixabay
Ауа райының нашарлауына байланысты (жолды тазалау, қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ) үш облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының 159-238 шақырым аралығы жабық, Кенен ауылынан Қайнар ауылына (Жаңа Қордай асуы) дейін - 79 км;

Жетісу облысында екі жол учаскесі (223 км):

  • "Үшарал-Достық" тас жолы, 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км;
  • "Алматы-Өскемен" тас жолы, 287-410 км, Талдықорған қаласынан Сарқанд қаласына дейін.

Қызылорда облысында "Самара-Шымкент" тас жолының 1361-1650 шақырым арылығы жабық, Арал қаласынан Босмандық ауылына дейін - 289 км;


"Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 568 техника жұмылдырылды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, алдында Жетісу облысындағы тас жолдың бір бөлігі жабылғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: