Жаңалықтар тізбегі
0

Хостелдегі өрт: Алматы қаласының әкімі жатақхана тапшылығына қатысты пікір білдірді

Хостел, Алматы, Ерболат Досаев, жатақхана, студенттер, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 19:20 Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында студенттер жатақханасы тапшылығы мәселесіне түсініктеме беріп, хостелдегі өрттен кейін қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол аталған қайғылы жағдай, ең алдымен, осы салада реттеудің жоқтығын көрсетіп бергенін атап өтті. 

"Бұл - үлкен трагедия. Бір мезетте өрт кезінде 13 адам қаза тапты", - деді қала әкімі.

"2016 жылдан кейін, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс саласын либералдау кезінде... Нысанның мақсатты белгісі дүкен болған. Олар оны басқаруға алып, хостелге айналдырып жіберген. Бұл хабарлау тәртібімен жүзеге асырылатын нәрсе. Олар сол тәртіп бойынша ТЖД-ға өтініш жолдамаған, мысалы, өздерін тексеру жайында. Неліктен тыйым салынған жертөледе хостел ашқан дегендей". Ерболат Досаев

Әкім 1 қаңтардан кейін ШОБ артық пайда табу үшін жанталасқаны қойып, қажетті талаптарды толық көлемде орындауға көшеді деп сенім білдірді.

"Ол арада студенттер, курьерлер ғана болмаған... Алматыда 35 ЖОО, 200 мыңға жуық студенттің болуына байланысты. Бірақ бізде жатақхана тапшылығы бар. Себебі студенттердің 62%-ы - сырттан келетіндер. Бізде 32 мың орын тапшылық бар. Әкімдік және жоғары оқу орындары бірлесе отырып, 2030 жылға дейін осы тапшылық мәселесін қалай шешетініміз туралы бағдарлама дайындадық. Биыл біз 4000-ға жуық орынды енгіземіз деп жоспарлап отырмыз. Келесі жылы да солай. Инвесторлардан 42 мың орынға арналған 114 өтінім келіп түсті. Оның 30 мыңнан астамы қайтадан салынып, тағы бір бөлігі қазіргі әкімшілік ғимараттарды қайта жаңғырту болып табылады". Ерболат Досаев

Бүгінгі таңда ресми түрде 32 хостелде 3800 студент тұрады.

Алматыда Әди Шәріпов көшесіндегі хостелде 30 қараша күні таңертең өрт болып, 13 адам қаза тапты. Олардың арасында студенттер де бар. Ауруханаға медициналық көмекке тағы төрт адам жүгінді, бір әйел улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. 

Өрт фактісіне сәйкес, ҚР ҚК 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралы жүргізіліп жатыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: