Төтенше жағдайлар министрлігі Жаңа жыл қарсаңында халыққа үндеу жасады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 2023 жылғы 28 желтоқсанда Жаңа жылға орай халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа жылдық іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
"ТЖМ жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастырушылар мен азаматтарды жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады", – делінген хабарламада.
Төтеншеліктер жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезіндегі басты міндет –
қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін еске салып өтті.
"Бұл әсіресе жаңа жылдық мерекелерді өткізу орындарына (дәмханалар, мейрамханалар, түнгі клубтар, барлар), сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға (мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері, оқушылар сарайлары, СОО, сауда үйлері, дүкендер, балалардың ойын-сауық орталықтары, базарлар, вокзалдар, әуежайлар және т.б.) қатысты. Оларды ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аудару қажет".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мерекені өткізер алдында үй-жайлардың жай-күйін, олардың өрт қауіпсіздігінің барлық ережелеріне қаншалықты сәйкес келетіндігін міндетті түрде тексеру қажет.
Ведомство мереке өткізуге жауаптыларға өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы қосымша нұсқау берілуі қажет екенін ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript