Қызылорда облысының жаңа прокуроры болып Ризабек Ожаров тағайындалды
Сурет: gov.kz
Бас прокурордың өкімімен және президенттің келісімімен Ризабек Кәрімұлы Ожаров Қызылорда облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
30 қаңтарда Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ризабек Кәрімұлы Ожаров Қызылорда облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.
Ризабек Ожаров 1972 жылы дүниеге келген.
1996-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған.
2017-2019 жылдары Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарған.
"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен наградталған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript