Алматыға Түркияның әлемге танымал суретшісі келді
Суретші әртүрлі техникамен жұмыс істейді, көрерменді оның гиперреализм стилінде орындалған жұмыстары баурайды. Суретші Түркияның атақты тұлғаларын да, қарапайы адамдарды да қылқаламына арқау етеді. Натюрморттар, қала пейзажы, жануарлардың бейнесі және мифология кейіпкерлері көрерменді бей-жай қалдырмайды.
Автор мешіт сияқты киелі орындарға назар аударып, тарихқа, дәстүрге, сенімге байланысты дүниелерді бейнелейді.
Сурет: Галина Галкина
Исмаил Аджаржың жұмыстарын әлем бойынша біраз адам біледі. Лондон, Нью-Йорк, Чикаго, Париж, Канны, Мадрид, Мюнхен, Милан, Ресей, Қытай, Корея, Канада, Мексика елдерінде түрік суретшісінің туындыларын қуана қарсы алады. 2004 жылы Исмаил Аджар "Түркияның ең табысты суретшісі" атағын алып, 2007-2009 жылдары Флорентия биенналесінде бірінші орынды жеңіп алған.
Суретші 1971 жылы дүниеге келген Сиваста оны мақтан тұтатындар көп. Бала кезінде ол селжүк заманынан қалған монеталарды жинаған, туған өлкесі туралы аңыздарды тыңдап өскен, уақыт өте келе Түркияның бай тарихын зерттеумен айналысқан.
Almaty Gallery-ге қойылған картиналар оңтүстік астанаға алғаш рет келген. Автордың сөзінше, туындыларының өзегінде түріктердің тарихы жатыр.
"Almaty Gallery халықаралық жобаларға үнемі мән береді, назар аударады. Оңтүстік Корея суретшісі Ким Бу Сиктің, Жапония суретшісі Сигэру Ёсиддің, Дубайдан келген Латиф Саидтің инсталляциялары қойылған. Сондай-ақ қазақстандық көрермен Германия, Грузия, Ресей, Өзбекстан шеберлерінің туындылары да қазақстандықтар назарына ұсынылды. Енді Қазақстан мен Түркияның бірлескен халықаралық жобасы да жүзеге асты. Бұған біз өте қуаныштымыз, өйткені Түркия Қазақстанға рухани және тарихи тұрғыдан өте жақын мемлекет болып саналады. Түркия –Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел. Бұндай көрмелер қазіргі таңда өте өзекті. Әлемге танымал суретші Исмаил Аджардың көрмесі – екі ел арасындағы татулықты нығайта түседі". Наргиз Алиб – өнертану магистрі
Аджардың картинасы адамдарға деген терең махаббатты, олардың жан-дүниесін бейнелейді. Суретші Жаратушыға деген сенімді де қылқаламына арқау еткен.
"Әр адамның ішкі жан-дүниесінде Жаратушыға деген сенім бар, өйткені әр адамда жақсы да, жаман да дүние болады. Егер адам өзінің жақсы тұсын көрсетсе, Аллаға жақындайды. Құдайға деген махаббатты көрсету үшін христиан не мұсылман болу міндетті емес", - дейді ол.
Аджар өз картиналарында көрерменді Аллаға жақындататын дүниелерді көрсетеді. Алайда суретші зұлымдықтың да бар екенін жасырмайды. "Қорқыныш" атты картинасында ібіліс бейнеленген. Әлемдік діндердің бәрінде қорқыныш – ібілістің серіктесі, ібіліс адамдармен күресте қорқынышты басты құрал ретінде қолданады.
Сурет: Галина Галкина
"Қағба" картинасында мұсылмандардың қасиетті мекені бейнеленген. Қағбаның айналасында Түркияның барлық мешіті топтасып көрсетілген. Ең жоғарғы бөлігінде тұрған Айя-София Әулия София соборы бұрын православиелік шіркеу болған. Қазіргі таңда ол – Айя-София үлкен мешіті.
Бұл ескерткіштің тарихы тереңде. 1985 жылы ғимарат ЮНЕСКО дүниежүзілік мұралары қатарына енген. 2020 жылдың 10 шілдесінде Түрік республикасының мемлекеттік кеңесі Әулие София соборын музейге айналдыру шешімін терістеді. Жаңа бұйрыққа сәйкес 2020 жылы ғимарат мешіт болып өзгерді. Сол күні Түркия президенті Тайып Ердоған Айя-Софияны мешітке айналдыру туралы бұйрыққа қол қойды.
Әйгілі түрік суретшісі бұл туралы не дейді? Бұрынғы православие шіркеуінің мешітке айналғаны дұрыс па? Исмаил Аджар Құдай барлық дін үшін бір екеніне сенімді.
"Айя-София әу бастан Құдайға сенім мақсатын арқалады, қазір де солай. Христиандар ренжімесін", - деді түрік суретшісі.
Одан бөлек, суретші егер собор Түрік республикасына өтпегенде қиратылар еді дейді.
"Түріктер Айя-Софияны сақтап қана қалған жоқ, мұқият қалпына келтірді. Бұл орын түріктер үшін қасиетті болып саналады. Айя-София басқа конфессия үшін де ашық, бұл жаққа құлшылық жасау үшін мұсылмандар ғана емес, христиандар да, басқа дін өкілдері де келе алады. Түріктер соборды қолға алып, оны қалпына келтірді. Егер бұл шаралар жүргізілмегенде Айя-Софияны адамзат жоғалтып алар еді", - деді ол.
Сөз соңында Исмаил Аджар түріктер мен қазақстандықтарда тарих ортақ екенін айтты.
"Сондықтан да бұл экспозицияны "Естелік" деп атадым", - деді суретші.
Суретшінің пікірін түрік тілінен аударған – КИМЭП студенті Саяра Тұрсынова
Галина Галкина, Мейіргүл Оңғарова