Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапармен барды
Сурет: Zakon.kz
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың Ресей Федерациясына ресми сапармен келді. Сапар аясында 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына баруы жоспарланған.
Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесулер өтеді.
Казанда Мәжіліс төрағасы Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездеседі.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript