Павлодар прокуратурасы мектептерді тексеру барысында өрескел заң бұзушылықтарды анықтады
Сурет: pixabay
Прокурорлық тексеріс кезінде Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде директордың қызметкерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 млн теңге иемдену фактісі анықталды.
Материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды, Қылмыстық кодекстің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сонымен қатар тексеріс көрсеткендей, Павлодар қаласының барлық мектептерінде бейнебақылау камералары жазу функцияларысыз жұмыс істейді, олардың бейне мұрағаттарына кіру мүмкіндігі жоқ және полицияның Жедел басқару орталығына қосылмаған.
"Бұл кемшілік 2023 жылы "Smart City Pavodar" жобасы аясында түзетілуге тиіс болатын, алайда жеткізушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты әлі іске асырылмаған." Павлодар облысының прокуратурасы
Жергілікті атқарушы органдар оған қатысты наразылық-талап қою жұмыстарын жүргізуде.
Барлық анықталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript