Түркия тұруға ықтиярхатты ұзарту үшін құжаттар тізіміне өзгерістер енгізді
Сурет: pixabay
15 сәуірден бастап Түркияда тұрақты тұру мерзімін ұзарту үшін шетелдіктер UETS мекен-жайы құжатын алуға міндетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон істері басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"№7201 заңға және № 30617 электрондық хабарлама туралы ережеге сәйкес жеке тұлғаларға хабарламаларды жіберу және жеткізу үшін Ұлттық электрондық хабарлама жүйесі (UETS) құрылды", – делінген ақпаратта.
Сонымен, UETS алу үшін пошта бөлімшелеріне тиісті өтінішпен жүгіну қажет. Сондай-ақ, ВНЖ, жеке басын куәландыратын құжатпен бірге электрондық поштаны және телефон нөмірін көрсету қажет.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript