Қырғыз елі жіберген гуманитарлық жүк көліктері Түркістанға келіп жетті
Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов су тасқыны орын алған өңірлерге арналған жүкті басқарып келді. Қазақстан аумағындағы Түркістан қаласынан автоколоннаны облыс облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ержанов Асхат қарсы алды.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша облыстардың полиция департаменттерінің бөлімшелерімен сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Гуманитарлық жүк Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарына арналған.
Айта кетсек, 6 сәуірде Қырғыз елінен шыққан 15 фура гуманитарлық жүк Жамбыл облысына келіп жеткен болатын. Сондай-ақ қос елдің көшбасшылары телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты.