Алаяқтар Aнтикор атынан жалған хабарламалар жіберіп жатыр
Сурет: akorda.kz
Сәуірдің 13-і күні Антикор алаяқтардың агенттік қызметкерлері мен басшылығы атынан жалған аккаунттар ашып, WhatsApp, Telegram және Instagram желілерінде жалған ақпарат таратып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертеді.
"Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз." ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Осындай фактілер болған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына хабарлауды сұраймыз.
Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.
Бұған дейін Антикордың білім саласындағы 14 миллиард теңгенің ұрлығын анықтағаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript