Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде ұрылар 94 млн теңгені жымқырып, қайықпен қашып кетті

Өскеменде ұрылар 94 млн теңгені жымқырып, қайықпен қашып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 17:03 Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО-дағы кеңселердің бірінен 94 млн теңге ақша ұрланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ПД-не 2024 жылдың 5 сәуірінде ұрлық фактісі бойынша арыз түскен.

"Жәбірленушілер белгісіз біреулер сейфті бұзып, 94 миллион теңгені жымқырғанын хабарлады. Қасқөйлер қылмыс орнынан кету жолын алдын ала дайындаған, олар өзенге жеткен соң үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына жүзіп өткен. Осылайша олар "іздерін жасырғылары" келген, бірақ олардың ойлары іске аспады." ШҚО ПД баспасөз қызметі
Өскеменде ұрылар 94 млн теңгені жымқырып, қайықпен қашып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 17:03

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Бірнеше күннен кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстаған.

"Олар соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың тұрғылықты жерінен заттай айғақтар – қайық пен ұрланған қаражат тәркіленді.",-делінген ведомства ақпаратында.

Қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: