Түркістан облысында жаппай төбелес болды
Сурет: Zakon.kz
Мақтаарал ауданы Атакент ауылында жаппай төбелес болды. Оқиғаның куәгерлері төбелесті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кадрларда таяқпен төбелесіп жатқан ер адамдарды байқауға болады. Әлеуметтік желілерде кикілжіңге Өзбекстанмен шекарада жүк көліктерінің өтуін бақылау кезінде бопсалау себеп болуы мүмкін деп жазып жатыр.
"Түркістан облысының полициясы Мақтарал ауданындағы ауылдардың бірінде бір топ жастың бұзақылық әрекетінің жолын кесті. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz редакциясының сауалына.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript