Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістанда халықаралық балаларды қорғау күнінде 500 оқушы бір мезетте күй тартты

Күй, Түркістан облысы, халықаралық балаларды қорғау күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 17:12 Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін Түркістанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. "Бақытты балалық шақ" мерекелік іс-шарасына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, балалармен бірге көрме мен концерттік бағдарламаны тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балаларға қамқорлық пен толыққанды тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі және басым бағыттарының бірі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында балаларға жағдай жасау, олардың сапалы білім алуына қолдау көрсету туралы үнемі айтып келеді. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы.

Дархан Сатыбалды, Халықаралық балаларды қорғау күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 17:12

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Балаларға жағдай жасау үшін облыста денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым бағытында нақты шаралар қолға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде биылғы оқу жылын облыс оқушылары үлкен жетістіктермен аяқтады. Халықаралық, республикалық, ғылыми жоба байқаулары мен пән олимпиадаларында дарынды балаларымыз 23 алтын, 17 күміс, 20 қола медальға қол жеткізіді. Бұл – біздің өңірде талантты, білімді, жігерлі балалар өсіп келе жатқанының белгісі. Қымбатты балалар! Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жазғы демалыстарыңыздың қызықты өтуіне шын жүректен тілектестігімді білдіремін", – деген өңір басшысы халықаралық, республикалық байқаулардың, олимпиадалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сонымен қатар қаржылай сыйақы сертификаты тапсырылды.

Концерт, Түркістан облысы, Халықаралық балаларды қорғау күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 17:12

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еліміз бойынша жаңа мектептер ашу жөнінен де өңір алдыңғы қатарда. Мемлекет басшысының "Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары біздің өңірде 63 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Биылғы жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында облыстық бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді. Жазғы сауықтыру лагерлерінде 35 мыңнан астам оқушы бюджет есебінен тегін, "Қазақстан халқына" қоры есебінен 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады. Бұл маусымның тағы бір ерекшелігі алғаш рет лагерінде шатырлы және этно лагер ұйымдастырылады.

"Керуен сарай" туристік кешенінде өткен жиында тақырыптық көрме жасақталған. 500 оқушыдан құралған домбырашылар бір мезетте күй тартты. Балалардың қолданбалы өнер бағытындағы шығармашылық жұмыстарының жәрмеңкесі өтті.

Дархат Сатыбалды, Түркістан облысы, Халықаралық балаларды қорғау күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 17:12

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Шымкент-цирк" мекемесі пен Қуыршақ театрының мерекелік қойылымы көрсетілді. "Кітаптар жазы" көрмесі және "Farab" кітапханасының балаларға арналған кітаптар көрмесі жасақталды. "Drone challenge" және "Robo fest" көрмесі де мереке сәнін кіргізді.

Колледж студенттерінің өз қолдарынан жасалған ұлттық киім үлгілерінен үздік "Дефиле" топтамасы көпшілік назарына ұсынылды. Мектеп оқушылары арасында "Интеллектуалды ұлт" шахмат, дойбы ойындарынан көрсетілімдік сайыс өткізілді. "Айбын" әскери-патриоттық қозғалысының оқушыларынан құралған үздік іс-қимылдар көрсетілді.

Түркістан облысы, сурет көрмесі, Халықаралық балаларды қорғау күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2024 17:12

Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Балалар үшін аквагрим ұйымдастырылды. Аудан, қалалардан келген үздік суретші балалардың "Түркістан балалар көзімен" көркемсурет галереясы ұсынылды.Мерекелік іс-шара концерттік бағдараламаға ұласты. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнерпаздарымен бірге "Ақжайық" музыка мектебінің таланттары өнер көрсетті. Сонымен қатар жалпы облыстың дарынды балалары да кешке атсалысты.

Айта кетейік, облыс халқының 38%-ы балалар, олардың 155-мыңнан астамы бақшада, 520 мыңы мектепте білім алуда. Еліміздегі әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында. Бұл республикадағы ең үлкен көрсеткіш. Өңірде балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалуда. Балабақша, мектеп, "Оқушылар сарайы", түрлі өнер және спорт үйірмелері жұмыс істеп тұр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: