Түркістан облысының түлегі ҰБТ-да ең жоғары балл жинады: Дарынды бала туралы не белгілі
Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі берген ақпаратқа сай, Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, жоғары 138 балл жинады.
Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже.
Сурет: gov.kz
Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта "Грант" мектебіне ауысқан.
Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.
Айта кетсек, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген.
Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і - "Алтын белгі" белгіге, 2 466 оқушы - "Үздік аттестатқа" үміткер.
2024 жылғы 24 мамырда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірінші негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) аралық нәтижелері туралы айтты. 30 мыңнан астам жас қазақстандық сынақтан өтті.