Өскеменде сегіз жастағы қыз есіктер арасында қысылып қалған
Сурет: видео скрині
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері есіктер арасында қысылған қызды құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өскеменде көршілердің шақыруы бойынша құтқарушылар пәтердің екі кіреберіс есігінің арасында қалған балаға көмекке келді.
Мамандандырылған жасақтың қызметкері Арнат Қасенов үнемі сөйлесіп, қорыққан баланы тыныштандырып, сонымен бірге құлыпты бөлшектеді.
Есік қауіпсіз ашылғаннан кейін, 2016 жылы туған қыз құтқарылды. Алайда екінші есіктің артында қыздың ағасы болған, оған да көмек көрсетілді. Қазір балалар қауіпсіз, медициналық көмекке мұқтаж емес.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript