ҚР СІМ: Германия полициясы жоғалған Қазақстандықты іздеуде
Спикердің мәліметінше, 2024 жылғы 5 маусымда Қазақстанның Франкфурттегі Бас консулдығына қазақстандықтар 3 маусымда қызының жоғалып кетуіне байланысты жүгінген.
"Бас консулдық бұл үндеуді ерекше бақылауға алды. Біздің дипломаттар дереу жергілікті полицияға жүгінді және олар іздестіру шараларын бастады", – деді Смадияров.
Сондай-ақ, ҚР СІМ ресми өкілі қазір неміс тарапымен бірлесіп Қазақстандағы туыстарына виза алу мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Сондай-ақ, Қазақстан консулы әйелдің туыстарымен тұрақты байланыста.
Әңгіме бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаева туралы болып отыр. Бұған дейін оның ағасы Германияда әпкесінің жоғалып кеткенін айтқан болатын. Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, ол соңғы бірнеше күнде байланысқа шығуды тоқтатқан.