Жаңалықтар тізбегі
0

Шегірткеге қарсы күрес шараларына 2,5 мыңнан астам адам жұмылдырылды

Шегірткеге қарсы күрес шараларына 2,5 мыңнан астам адам жұмылдырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2024 12:01 Сурет: pixabay
Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жергілікті шаруаларға шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделетін аумақтарды анықтау және өңдеу мәселелері Премьер-Министрдің ерекше бақылауында екенін жеткізді.

Сондай-ақ министр АШМ шегірткелердің егістік жерлерді басып қалуын болдырмау және ауыл шаруашылығы құрылымдарына залалын тигізбеу мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

2024 жылы зиянкес жәндіктердің таралуының табиғи өсімі байқалады. Олардың таралу аумағының артуы 2023 жылы да анықталған болатын. Сол кезде 1,5 млн га аумақ өңделді. Ал биыл шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу жоспарланған аумақ – 2,5 млн га, оның ішінде Түркістан облысы бойынша – 271 мың га.

"Биыл 2,5 млн га өңдеу жоспарланған, бұл – соңғы жылдары (2016 жылдан бастап) химиялық өңдеу жүргізілетін ең ауқымды аумақ. 2023 жылдағыдан 1 млн гектарға артық. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, біздегі өңделетін жер Орталық Азияның барлық елі өңдейтін аумақтарды қосқаннан да көп", — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

Министр мониторинг пен өңдеу үшін негізгі және қосымша ресурстар тартылғанын атап өтті.

Атап айтқанда, ел бойынша 2,5 мыңнан астам маман, 427 арнайы техника: 289 жер үсті желдеткіш пен штангалы бүріккіш, 56 аэрозольді газ генераторы, 36 аса жеңіл әуе техникасы, 36 ұшақ жұмылдырылған.

Биыл алғаш рет нақты нысандарды өңдеуге дрондар тартылды, бұл жетуі қиын жерлердегі жұмысты жеңілдетті.


"Сонымен қатар көршілермен және халықаралық ұйымдармен жұмыс істеп жатырмыз. Өткен жұмада ғана, 7 маусымда біз FAO алаңында шегірткеге қарсы күрес мәселесі бойынша Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесуін өткіздік. Күш-жігерді үйлестіру талқыланды. Ресей тарапымен кеңес өткізілді. Өзбек әріптестермен бірлескен өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", — деп түйіндеді Айдарбек Сапаров.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: