Мамандар еліміздің жеті өңірінде құрғақшылық болатынын болжады
Сурет: pxhere
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылғы 14 маусымда арнайы мәлімдеме жасады. Мамандар Қазақстанның жеті өңірінде құрғақшылық болатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрғақшылық алдағы он күнде орын алады деп болжанады.
"Атырау облысының аумағы бойынша, Жамбыл облысының Шу ауданында, Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында, Ақтөбе облысының Шалқар және Байғанин аудандарында, Түркістан облысының Арыс, Кентау, Отырар және Созақ аудандарында алдағы 10 күнде атмосфералық құрғақшылық болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Айта кетсек, төрт күн бұрын синоптиктер құрғақшылық болады деп тек бір аймақтың атын атап көрсеткен еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript