Меккедегі қажылық кезінде 1300-ден астам адам қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
Сауд Арабиясының Мекке қаласында қажылық кезінде қаза тапқандар саны 1300-ден асты.
Марқұм болғандардың 658-і – мысырлық, 200-ден астамы – индонезиялық, 100-ге жуығы – үндістандық.
Сонымен бірге олардың арасында Пәкістан, Иордания, Иран, Сенегал, Судан және Ирак азаматтары бар. Ақпаратты Сауд Арабиясының билігі жариялады.
Марқұмдардың қазасына аптап ыстық себеп болған, деп жазады qazaqstan.tv.
Елде 52 градусқа дейін ыстық.
Қайтыс болғандардың көбінде қажылыққа қатысуға рұқсат құжаттары болмаған.
Яғни, заңсыз барғандықтан олардың медициналық көмек алуға мүмкіндігі де шектелген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript