"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Ведомствоның мәліметінше, іріктеу кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға баса назар аударылды. Оқыту 62 мамандық бойынша жүргізіледі.
Степендия иегерлерінің тізімін мына жерден көре аласыз.
"Биылғы жылы басым мамандықтардың тізімі мемлекеттік органдардың қажетті мамандықтар бойынша кадрлар даярлау жөніндегі сұраулары негізінде қалыптастырылды. Ауылдық жерлерден шыққан үміткерлерге, инженерлік-техникалық қызметкерлерге, медицина қызметкерлеріне жеңілдікті санаттар қолжетімді",- делінген хабарламада.
Олар оқуды бастамас бұрын 12 айға дейінгі тілдік дайындықтан өте алады, стипендияға құжаттарды тапсырған кезде университеттен шақыру хатының болуы міндетті емес.
"Биылғы жылы өтінімдердің рекордтық саны конкурсқа қатысудың жоғары деңгейін көрсетті. Алдағы уақытта біз конкурсқа іріктеу ережелерін жетілдіріп, құжаттарды ресімдеудің бүкіл процесін цифрландыруды жоспарлап отырмыз. Іріктеу кезеңдерін енгізу және тестілеу түрін өзгерту күтілуде", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова.
Үміткерлер Harvard University, Stanford University, National University of Singapore, University of Pennsylvania, University of Illinois at Urbana-Champaign сияқты әлемдік рейтингтердің топтарына кіретін университеттерге түсті.
Ең көп қызығушылық тудырған мамандықтар:
- "Ақпараттық технологиялар және жүйелер",
- "Үлкен деректерді талдау",
- "Көлік технологиялары",
- "Қоғамдық денсаулық сақтау",
- "Химиялық инженерия",
- "Құрылыс инженериясы",
- "Халықаралық құқық және қауіпсіздік",
- "Зияткерлік меншік",
- "Экология".
Бұған дейін 184 қазақстандыққа "Болашақ" стипендиясы тағайындалғаны хабарланған болатын.