"Семей-Орманы" кезіндегі өрттен қаза тапқан орманшының отбасына әлі күнге жәрдемақы тағайындалмаған
Сурет: Telegram/abai_oblysynyn_akimdigi
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова 16 шілдеде "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт сөндіру кезінде зардап шеккен орманшыларға төлем тағайындау туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер 1996 жылы туған орманшының қайтыс болуына байланысты оның отбасының төлем алмағандығын атап өтті. Мұны оның балалары жоқтығымен байланыстырған көрінеді, алайда жас жігіттің артында қарт ата-анасы қалған.
"Өртте зардап шеккендердің барлығының дәл өрт кезінде зардап шеккені туралы қорытындысы бар. Экология министрлігінің маған берген ақпараты бойынша, аталмыш азаматтың өрттен мерт болғандығы туралы ақпарат жоқ. Мұны экология министрлігінен нақтылаймыз. Тиісті материалдар нақтыланған және ұсынылған жағдайда, біз тиісті жәрдемақыларды тағайындауға дайынбыз", - деп жауап берді Тамара Дүйсенова.
2023 жылғы 8 маусым күні Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ-де орманда өрт шықты.
Өрт салдарынан 60 мың гектар орман қоры жойылып, "Семей-Орманы" резерваты Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қаза болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript