Жаңалықтар тізбегі
0

Аида Балаева журналистердің сынына жауап берді

Балаева журналистердің сынына жауап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2024 11:35 Сурет: primeminister.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Ашық НҚА" порталында талқыланған журналистерді аккредитациялаудың жаңа үлгілік ережелеріне қатысты БАҚ өкілдері тарапынан айтылған сынға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр әлеуметтік желілерде "ережелер көп өзгерістерге ұшыраған жоқ" деп жазды - қазіргі журналистерді аккредиттеу ережелерімен салыстырғанда, көптеген ережелер сақталды.

"Жалпы аталған құжат жобасы қолданыстағы ережелермен салыстырғанда аса көп өзгермеген. Мысалы, аккредиттеуден бас тарту негіздері туралы ережелерге тоқталсақ. Бұл БАҚ-тың жұмыс істеуін уақытша тоқтату немесе мүлдем жабу және ресми реестрде тіркелмегені туралы сот шешімі күшіне енген жағдайда іске асады." Аида Балаева

Одан өзге, министр журналисттер арасында ең көп сұрақ тудырған Ереженің 10-тармағына, атап айтқанда БАҚ өкілдерінің қандай талаптарды сақтауы керектігіне тоқталды.

"Біріншіден, кез-келген журналист қай БАҚ атынан аккредитациядан өтсе, сол редакцияға ғана ақпаратты жинап, жариялай алады. Алайда журналистке бірден бірнеше БАҚ атынан аккредитация алуға ешкім тиым салмайды. Екіншіден, бұл талап белгілі бір оқиғаға/іс-шараға қатысты журналистердің жеке пікірлері мен ұстанымдарын әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарында білдіруге қатысы жоқ. Үшіншіден, регламент мәселесіне келетін болсақ, қолданыстағы ережелерде қазірдің өзінде іс-шараға қатысушылардың тақырыпты, уақыт тәртібін, қоғамдық тәртіпті сақтауын жүргізуші (яғни, іс-шара модераторы) қамтамасыз ететіні қарастырылған." Аида Балаева

АҚШ пен Еуропалық Одақтың және халықаралық ұйымдардың халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, белгіленген ережелерді, сондай-ақ заңнаманы бұзған жағдайда журналист іс-шараларға қатысу құқығынан және аккредитациядан айырылады. Мысалы, Еуропарламенттегі БАҚ қызметін реттейтін Ережеде түсірілімге рұқсат етілген арнайы орындар қатаң түрде белгіленген.

"Төртіншіден, ережеде әрбір мемлекеттік органның немесе ұйымның белгілі бір іс-шараның регламентін өзі бекітетіндігі көрсетілген. Бұл ретте Министрлік уәкілетті орган ретінде ақпаратқа қолжетімділік қағидаттарын және журналистердің ерекше мәртебесін сақтау мәселелері бойынша аталған регламентті әзірлеу бойынша тиісті ұсыныстарын жіберетін болады. Бесіншіден, ерекше маңызды мемлекеттік объектілерге кіру және сол мекемелердегі режимдерді ұстану да қолданыстағы заңнаманы сақтау мен қауіпсіздіктің айнымас бөлігі болып табылады. Қорытындылай келе, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мен журналистердің мәртебесін арттыру – әрқашан Министрлік қызметінің басты басымдығы екенін тағы да жеткізгім келеді." Аида Балаева

Мәдениет және ақпарат министрлігі "Ашық НҚА" порталында журналистерді аккредитациялаудың жаңа үлгілік ережелерін жариялады.

Бұған дейін Мәдениет министрі қазақтың белгілі өнер қайраткерлерінің мінез-құлқы туралы айтқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: