Сот Кәрім Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімінің жойылуын түсіндірді
"Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К., оның орынбасары А. және П.-ға қатысты қылмыстық істі Алматы облыстық соты апелляциялық тәртіпте қарады.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилерінің үкімімен (көпшілік дауыспен) А.және П. ҚК 366-бабының 4-бөлігі және ҚК 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. К. оған тағылған айыптар бойынша ақталды.
Апелляция
Облыстық сот алқасы істің материалдары мен тараптардың дәлелдерін зерттеп, К-ға қатысты ақтау үкімінің күшін жойды.
Сондай-ақ, аса ірі мөлшерде пара бергені және пара алғаны үшін кінәлі деп танылған П. мен А.-ның соттылығы жойылды.
Қылмыстық іс басты сот талқылауы сатысынан бастап сол сотқа өзге құрамда жаңа сот қарауына жіберілді.
Ақтау үкімінің күшін жоюдың негіздері:
- алқабилердің алдына қойылған сұрақтарды тұжырымдау кезіндегі бұзушылықтар;
- дәлелдемелердің рұқсат етілуін бағалау кезіндегі бұзушылықтар;
- үкімнің сипаттамалық бөлігінің қарар бөлігіне сәйкес келмеуі.
"Қылмыстық іс сол сотқа негізгі сот талқылауы сатысынан басқа құрамда жаңадан сот талқылауына жіберілді", - деп қорытындылады сот.
2024 жылғы 7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сыбайлас жемқорлықпен байланысты іс бойынша үкім шығарды, бұнда алқабилердің кесімімен ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ бұрынғы басшысы К.Көкрекбаев тағылған айыптардың барлық эпизодтары бойынша ақталды.
Онымен бірге іс бойынша өткен оның орынбасары А.Ахатаев пара алғандығы, ал "BazisConstruction Infr" ЖШС филиалының директоры А.Поплавский аса ірі мөлшерде пара бергендігі үшінкінәлі деп танылды. Алматы облысының прокуратурасы Кокрекбаевтың ақталған бөлігінде үкіммен келіспей, апелляциялық өтінішхат енгізді. 2024 жылғы 25 шілдеде Алматы облыстық соты прокуратураның апелляциялық өтінішхатын толық қанағаттандырып, сот үкімінің күші жойылып, іс жаңа сот талқылауына жіберіліп, К.Кокрекбаев сот залынан қамауға алынды.
"Қазселденқорғау" басшысы Кәрім Көкірекбаевтың аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғаны 2022 жылдың 27 желтоқсанында белгілі болды.