Түркияда 17 мың гектар орман күлге айналды
Сурет: pixabay
Түркияда өткен жылмен салыстырғанда орман өрті бірнеше есеге көбейген. Мәселен, былтыр жеті айда 8 мың 865 гектар орман өртенсе, биыл 17 мың 456 гектар орман күлге айналған.
Сегіз айда 2 мың 529 орман өрті тіркеліпті. Осы тамыз айының басынан бері 439 жерде орман өртенген. Мамандар бұның бір себебі күннің күрт ысуы мен ылғалдың азаюы дейді. Қыста қар мен жауынның аз түсуінен топырақ құрғап, өсімдік аз шығады.
Сонымен қатар адамдардың жауапкершілігі де азайған. Өйткені биылғы орман өрттерінің 90 пайызы адамдардың кесірінен шыққан, деп жазады qazaqstan.tv.
Өткен бір апта ішінде орман өртіне қатысы бар деген күдікпен 12 адам қамауға алынды. Қазір шығын есептеліп жатыр.
"Орман өртінен зардап шеккен облыстарымызда от шалған ғимараттарды анықтау, олардың шығындарын есептеу жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы комиссияның берген соңғы мәліметіне сай, орман өртінің кесірінен 142 ғимарат өртенген. Олардың ішінде тұрғын үйлер, жұмыс орындары мен қора-жайлар да бар. Сондай-ақ 4700 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді." Окай Мемиш, Түркияның төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының басшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript