"Ел азаматтарына әлеуметтік қордан 70 мың теңге төленеді". Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады
Сурет: pixabay
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 қыркүйекте 1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына белгісіз әлеуметтік қордан 70 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство Қазақстан азаматтарына белгісіз әлеуметтік қордан 70 000 теңге аударылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын нақтылады.
"Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз". ЕХӘҚМ баспасөз қызметі
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны ескертіледі.
"Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз", делінген министрлік хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript