Жаңалықтар тізбегі
0

Антикор тексерісінен кейін Ұлытау облысында жолдарға паспорттау жүргізіле бастады

Жол, паспорттау, Ұлытау облысы, Антикор, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2024 10:38 Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет автомобиль жолдарын салу саласына сырттай жүргізген талдау кезінде Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұлытау облысы құрылғаннан бері әкімдіктердің бейінді бөлімдері мен басқармалары жолдарға паспорттау жүргізбеген. Ал бұл өңірдегі жолдарды жөндеуге бюджеттен 30 млрд теңге жұмсалған.

"Ұлытау облысы жолдарының жалпы ұзындығы - 2711,7 км, облыс құрылғаннан бері жолдарды жөндеуге 30 млрд теңге жұмсалған. Жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде елеулі жемқорлық тәуекелдері анықталды. Жолдардың жай-күйін паспорттаудың және есепке алудың болмауы сапасыз жоспарлау және жөндеу жұмыстарын жүргізу қаупін арттырады, сондай-ақ жөндеуге жататын жол жамылғысының ауданы бойынша көтерілген сметаларды бекітудің жүйелі фактілеріне ықпал етеді. Бұл кемшіліктер мердігерлер мен тапсырыс берушілер үшін төлқұжаттары болмаған кезде техникалық құжаттамамен айла-шарғы жасауға қолайлы жағдай туғызады", деп нақтылайды Антикор.

ЖАО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша жолдарды аспаптық зерттеу рәсімін жоспарлау бойынша жұмыс жүргізуде, одан кейін паспорттау жүргізіледі, "Сәтбаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ 2024-2025 жылдарға арналған аспаптық тексеру және паспорттау жүргізу бойынша мемлекеттік сатып алу шеңберінде шарт жасасты.

Паспорттауды қолдану орындалатын жұмыстардың сапасын арттыруға, көлемдерді, техникалық жай-күйді және инженерлік желілерді дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: