Өскеменде қыздарға арналған қайырымдылық мекемесі ашылды
Сурет: ҚМДБ баспасөз қызметі
Мәуліт айы қарсаңында Өскемен қаласында қыздарға арналған "Ғиззатия" қайырымдылық мекемесі ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайырымдылық мекемесінің ашылуына ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүбти Сансызбай Құрбанұлы және өңір имамдары, ардагерлер қатысты.
"Аталған мекеме 50 орынға лайықталған. Қыз балалардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндіктер қарастырылған", делінген хабарламада.
Шараның басында қасиетті Құран оқылып қариялар бата жасап, әжелер шашу шашты.
Салатантты іс-шарада наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы ҚМДБ Төрағасының ерекше ілтипатын жеткізіп, құттықтауын білдірді. Кейін қонақтар жаңа ғимаратты аралап көрді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript