Грузия халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын экстрадициялады
2023 жылдың маусым айында жол полициясы қызметкерлері Астана қаласында жедел-алдын алу іс-шараларынжүргізу барысында күдікті басқарғанавтокөлікті тоқтатып, оның салонында жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 "мефедрон" байламдары табылған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасының таңдалғанын пайдаланып, қаскүнем тергеуден жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.
Ағымдағы жылдың қаңтарында күдікті Грузия аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысы үшін 3 жылдан 7жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.