Қазақстандық жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы қауіпті ойындарға байланысты ма, прокурорлар анықтап жатыр
Фото: pixabay
2024 жылғы 2 қазанда Мәжіліс алаңында ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев еліміздегі балалардың суициді мен қауіпті онлайн ойындардың арақатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғалымжан Қойгелдиев мәселенің өзектілігіне тоқталды.
"Дүйсенбі күні Бас прокурор кеңес өткізді. Онда ол осы фактілерді жою бойынша жұмыс жүргізуге нақты, қатаң нұсқаулар берді. Ал суицидті онлайн ойынмен байланыстыру – сараптама тағайындалды, мұның бәрі тергеудің бір бөлігі болады (нақтырақ – редактордың ескертпесі)", — деп қосты ол.
Алайда бұл сараптамалар қанша уақытқа созылады деген сұраққа Бас прокурордың орынбасары жауап бермеді.
2024 жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов әлеуметтік желілердің балалардың суицидтік әрекетіне ықпалы аясында прокурорлар 15 мың зиянды сайттар мен сілтемелерді бұғаттауға қол жеткізгенін мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript