Түркістан облысы: Ақ жаулықты әжелер референдумда дауыс берді
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан облысында ақ жаулықты әжелер учаскеге келіп, референдумда өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіберген ақпаратқа сай, Созақ ауданы "Теріскей" сайлау учаскесіне келген Рысты Райымқұлова мен Сәуле Әбішбекова бүкіл еліміз үшін маңызды күні өз азаматтық үлестерін қосып, дауыс берді.
Сурет: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Айта кетсек, облыста 1 млн 180 мыңнан аса дауыс беруші бар.
Барлық 945 референдум учаскесінде 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, 167 ауылдық елді мекенде жылжымалы медициналық пункттер қызмет көрсетеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript