Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Бас прокуратурасы: Референдумда өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ

Бас прокуратура мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 14:43 Сурет: Zakon.kz/Бауыржан Муканов
Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум өрескел заң бұзушылықтарсыз өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазанның 6-сы күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Бекжан Қарамановтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда дауыс беру процесі заң бұзушылықтарсыз, тыныш жағдайда өтіп жатыр.

"Қазіргі уақытта прокуратураға ешқандай шағым түскен жоқ", — деді Бекжан Қараманов.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев бейнекамералар арқылы учаскелерге іргелес аумақтардағы визуалды бақылау күшейтілгенін айтты. Оқиғаларға дер кезінде ден қою үшін мобильді жедел-тергеу топтары ұйымдастырылды.

"Жалпы, қазіргі уақытта референдум өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ", — деп атап өтті Шыңғыс Әлекешев.

Бұған дейін Астанада сайлаушылар тізімін видеоға түсірген байқаушыны сайлау учаскесінен алып тастағаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: