Боливияда 10 млн гектардан астам алқап өртенді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Боливияда биыл орман өрті 10 млн гектардан астам аумақты шарпыған.
Бұл — Американың 19 миллион футбол алаңына тең аумақ. Тілсіз жаудан елдің тропикалық шығысындағы аудандар зардап шекті. Ауыл шаруашылығы дамыған ауқатты Санта Круз өңірінің өзінде 7 млн гектар жер өртенген, деп жазады qazaqstan.tv.
Боливия үкіметі мұны ұлттық апат деп жариялады.
Оттың тұтануы адами факторға, ыстық және құрғақ ауа-райына байланысты. Ұзаққа созылған қуаңшылық жағдайды ушықтыра түскен.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript