Испаниядағы тасқыннан 51 адам қаза тапты
Сурет: pixabay
Испанияның шығысы мен оңтүстігінде толассыз жауған нөсер жауыннан кейін алапат тасқын жүрді.
"Би-Би-Си-дің" мәліметінше, табиғи апаттан 51 адам қаза тапқан.
Тасқын судан Валенсия мен Альбасете өңірінде бірнеше тұрғын жоғалып кеткен.
Олар дрондардың көмегімен іздестіріліп жатыр. Көптеген аудан су астында қалып, теміржол және әуе қатынасы кедергілерге тап болды.
Кей жерлерде жауын-шашынның бір айлық мөлшері жауған. Мектептерде сабақ тоқтады, деп жазады qazaqstan.tv.
Саябақтар жабылды. Испания билігі тұрғындарға мейілінше үйде отыруға кеңес берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript